Жамбыл облысы, Шу қаласы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебіне хош келіпсіздер!

Сайт мәзірі
Бөлімнің категориялары
Информатика [5]
Қазақ тілі мен әдебиеті [3]
Сыныптан тыс жұмыстар [9]
Бастауыш сынып [2]
Оқушылар шығармашылығы [3]
Орыс тілі мен әдебиеті [1]
Математика [11]
Биология [1]
География [0]
Кіріктірілген сабақтар [6]
Ағылшын тілі [2]
Тарих [1]
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Кіру
Басты бет » Ашық сабақтар » Математика

"Арифметикалық және геометриялық прогрессияның n мүшесінің қосындысы" тақырыбына есептер шығару
27.03.2010, 09:26

Сабақтың тақырыбы: «Арифметикалық және геометриялық прогрессияның n мүшесінің қосындысы» тақырыбына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Арифметикалық және геометриялық прогрессияның n мүшесінің қосындысы» тақырыбында алған теориялық білімдерін практикада қолдануға үйрету, есептер шығарып жаттықтыру.

Дамытушылық: Оқушылардың есепті өздері шешуіне, формулаларды тиімді пайдалана білуге, өз ойларын ашық айтуға, білімдерін жан-жақты дамыта отыруға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке, өз достарына көмектесуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Бекіту сабағы

Сабақтың түрі: Ойын сабағы

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Бағыттаушы парақтар
  2. Қатысушылардың нөмері жазылған жетондар
  3. Үстелдерді белгілеуге арналған сілтемелер
  4. жалпы бағалау парағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсатын қою.

ІІІ. «Қарлы кесек» оқыта үйрену ойыны

 Ойынның барысы:

Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өзінің тапсырмаларын алады.

І үстел. І тапсырма

1. а) Қандай сан тізбегін арифметикалық прогрессия деп атайды?

    Б) Арифметикалық прогрессияның айырмасы деп қандай санды айтады?

    В) Арифметикалық прогрессияның n мүшесінің формуласын жаз.

2. (an) арифметикалық прогрессия және a1=3, d=2. S9- неге тең?

3. Геометриялық прогрессияның q=3 және S4 =80 болса, S3-неге тең?

2 үстел. ІІ тапсырма

1. а) Қандай сан тізбегін геометриялық прогрессия деп атайды?

    Б) Геометриялық прогрессияның еселігі деген не?

    В) Геометриялық прогрессияның n мүшесінің формуласын жаз.

2. 1, 4, 7........ арифметикалық прогрессия. Алғашқы 20 мүшесінің қосындысын табыңдар.

3. Геометриялық прогрессияда b4=-54 және b5=162 болса, онда S5-неге тең?

3 үстел ІІІ тапсырма.

 1. а) Арифметикалық және геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын жаз.

     Б) Мына прогрессиялардың қайсысы арифметикалық, қайсысы геметриялық прогрессия болады:  1, 5, 9, 13........., 1, 2¹, 2², 2³..........

2. Арифметикалық прогрессияның алғашқы 10 мүшесінің қосындысын табыңдар, Мұндағы : a2=7, a4=11

3. Егер q=2 және S7=635 болса, геометриялық прогрессияда b7-неге тең?

 

Әр топ оқулықтың және дәптерлеріндегі шығарылған  есептердің көмегімен 10-15 минут дайындалады. Дайындыққа берілген уақыт аяқталған соң, І тур жарияланады.

 

І тур (10 минут)

Оқушылар орындарынан тұрып, әрқайсысы өзінің бағалау парағы бойынша жаңа орынға отырады. Үстелдің сілтеуішін өзгертеміз: яғни А әрпінің орнын №1 деп өзгертеміз. Алдымен жетонында «А» әрпі бар ойыншы, содан кейін кезегімен «Ә», «Б» әрпі  бар оқушылар сөйлейді. Жаңа топ өздеріне берілген тапсырмаларды 3 минут айтады. Осы уақытта тақтада №2 үстелдің оқушылары өздерінің тапсырмаларын орындайды. Оқушылардың жауаптары  бағалау парағына қойылып отырады.

 

ІІ тур (10 минут)

Оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта отырады. Ал тақтадағы оқушылар өздерінің шығарған есептерін түсіндіреді. Қандай формуланың көмегімен шығарылғанын айтып түсіндіреді. Қалған оқушылар тыңдайды және дұрыс айтылуын бақылап отырады.

ІІІ тур. Қорытындылау. Балдарды қою. Бағалау парағындағы балдарды есептеу.

4. Үйге тапсырма беру.

Категория: Математика | Қосу: benera
Енгізілгені: 6175 | Загрузок: 0 | Комментарилар: 2 | Рейтинг: 2.9/7
Барлық коментарилар: 0
Имя *:
Email:
Код *:
Іздеу
Сайттағы достар
  • Сайт құру
  • Барлығы веб-шебер үшін
  • Барлығы үшін бағдарламалар
  • Әлемдегі қызықтар
  • Рунетадағы ең үздік сайттар
  • Тағам рецептері

  • Copyright MyCorp © 2024
    Сделать бесплатный сайт с uCoz