Бәрі де мейірімділік жайында
~ Ей мейірбан мейірімді адамдар, Бұл өмірге түзу көзбен қараңдар. Бұл өмірде екі түрлі қадам бар, Бірі жақсы, бірі жаман надандар. ~ Жақсы қадам бастайды игілікпен, мұратқа, Жаман қадам адастырар мейірімнен жыраққа. ~ Имандыққа толы болса жүрегің, Онда сенің жолың ашық жұмаққа.
Байжұман Гулина 9 «а » сынып оқушысы
~
Анамның әрбір сөзі мейірімді, Атамның өсиет сөзі мейірімді. Ұстаздың шәкіртіне арнаған, Білім мен шуағы да мейірімді.
Томатай Гүлім 5- сынып оқушысы ~ Қолыма алдым қаламды, Жазайын деп жыр шумақ. Мейірімнен басталды, Бар жақсылық күн шуақ.
Мақсұтқан Аида 5-сынып оқушысы
Үйренемін баламын, Мен білмейтін қалмайды. Самғап қанат қағамын, Қанатым еш талмайды.
Үйренемін тынбаймын, Талабым зор- тасыған. Мұғалімді тыңдаймын, Білімді болуға асығам.
Үйреніңдер балалар, Тәрбиелі болуды. Үлкен-кіші демей-ақ, Сыйлы адам болуды.
Исламхан Тоғжан 8 сынып оқушысы
Аспан асты жер үстінда мәңгілік, Жасай берсін мейірімділік, ізгілік. Әрқашанда бауырына басатын, Қайырымды да, мейірімді халықпыз.
Бөбектерін мейірімге бөлесін, Әрбір ана күн шуақты әнімен. Аялы алақанмен тербетіп, Сәби өссін салтанатты сәнімен .
Дүйсехан Әйгерім 7 сынып оқушысы
|