Жамбыл облысы, Шу қаласы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебіне хош келіпсіздер!

Сайт мәзірі
Бөлімнің категориялары
Информатика [5]
Қазақ тілі мен әдебиеті [3]
Сыныптан тыс жұмыстар [9]
Бастауыш сынып [2]
Оқушылар шығармашылығы [3]
Орыс тілі мен әдебиеті [1]
Математика [11]
Биология [1]
География [0]
Кіріктірілген сабақтар [6]
Ағылшын тілі [2]
Тарих [1]
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Кіру
Басты бет » Ашық сабақтар » Тарих

Cақтар
29.02.2012, 08:15
Сабақтың тақырыбы: Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.
Сабақтың мақсаты:
1. Сақтардың басқару ісі, сақ патшалары, Сақтардың парсылармен соғысы,  тәуелсіздік үшін күрес жолында аянбай ерлікпен шайқасқан ержүрек
 жауынгерлері туралытүсіндіру.
2. Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою,  сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру  
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушы- ларды өз  елінің тарихи құндылықтарын құрметтуге үйрету, елін, жерін сүйетін 
отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, тест, топтастыру, семантикалық карта, кесте толтыру.
Сабақтың көрнекілігі: Слаид, сүрет.
Сабақтың барысы:
 І.Ұйымдастыру кезеңі
 а) Оқушылармен амандасу
б) Сыныпты түгелдеу
в) Оқушы назарын сабаққа аудару
 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Сұрақ-жауап.
ІІІ. Оқушы білімін тексеру тексер Кесте толтыру
1. Сақ топтары 2. Сақ сөзінің мағынасы Теңіздің арғы жағындағы сақтар) (парадарайа
Шошақ бөрік киіп жүретін сақтар (тиграхауда)
Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаумаварга)
Парсы жазбалары
Иран жазбалары
Грек авторлары
ІV. Сабаққа мақсат қою
 V. Жаңа сабақты түсіндіру
Сақтардағы басқару ісі. Сақтардың қоғамдық тіршілігінде халық жиналысы маңызды рөл атқарды. Оған бүкіл ер-азаматтар қатысты.скі аңыздарға қарағанда , сақтардың ішінде үш билеуші әулет болған. Олар сақтың ата-бабасы Тарғытай деен кісінің үш ұлы: Липоксай, Арпоксай, Колоксайдан тұрады. Осылардың ішінде Колоксайдың тұқымы жоғарғы билікке ие болды. Себебі сол заманда аспаннан бірнеше алтын зат түседі. Осы заттар Липоксай мен Арпоксай жақындаса жалындап жанып, оларды жолатпайды. Тек Колоксай ғана бұл заттарға ие болған. Сақ патшалары. Сақтар көптеген әлемдік тарихи оқиғаларға қатысқан. Олар Ираннан бастап Жерорта теңізіне дейінгі аралықтағы елдерге жорық жасады. Жеңілмейтін парсы патшасы Кирді жеңіп , Ахеменид әулетінің патшаларымен шайқасты. Кир шапқыншылығы кезінде сақтардың патшасы қайтыс болып, күйеуінің орнына әйелі Томирис билік жүргізген. Кир патшаның сақтарға қарсы жасаған жорығы б.з.б. 530 жылы болғаны тарихи жазба деректерден белгілі.Кир айлакер әскербасы болды, ол туралы аңыздар көп. Кир сақтармен кездескен уақытта әскерін шегіндіріп, қосын тұрған жерге тамақ пен шарапты мол қылып тастап кетеді. Томиристің ұлы өз әскерімен ішіп-жеп жатқан кезде парсы әскері тұтқиылдан шабуыл жасайды. Бейғам отырған сақтар қырылып,Томиристің ұлы Спаргапис өледі. Спаргапистің кегін қайтарып, Томирис Кирді жеңеді. Парсы патшасының басын кесіп, қан толтырған торсыққа салды да, "Сен қанға тоймаушы едің, енді тойғаныңша іш!" -дейді. Әрбір сақтың таң қалдым епті ісіне, Тәубе еткен тақта отырған тектісіне. Томиристей патшасы бар қайсар халық, Төзе алмас ешкімнің тепкісіне... Парсылармен соғыс. Парсы патшасы Дарий сақтардан кек алуды көздеді делінеді ежелгі аңызда. Парсы патшасы көп әскерімен сақ жеріне жорыққа атанды. Ауыр жағдайға тап болған Дарийге сақ патшалары жұмбақ сыйлықпен елші жібереді. Сыйлық құрамында құс, тышқан, көлбақа және бес жебе болған екен. Дарий ғұламаларды жинап ақылдасты. Жұмбақтың шешімін Гобри деген Қолбасшы табады. Шырақтың ерлігі. Осы соғыс кезінде сақ жауынгері Шырақ өз елі үшін өшпес ерлік жасаған. Дарий патша бастаған парсылардың қалың қолы б.з.б. 519-518 жылдары сақ жеріне жойқын жорығын бастайды. Ер жүрек , қайсар сақ малшысы Шырақ парсылардың алдынан шығып, өзінің көрген қорлығына шағынады. Енді кек алуды ойлайтындығын айтып парсыларды нандырады. Сақ әскерін тауып беруге уәде берген Шырақ өзінің қулығын асырады. Шөл далада парсы әскерін түгел адастырып, қырғынға ұшыратады. Дарий өзі әзер қашып құтылып шығады. Қазақтардың арғы ата-бабалары да Отаны үшін қасық қаны қалғанша күресіп , ерлігімен даңқа бөленген. Бұл ерлік дәстүр атадан балаға мұра ретінде қалып келеді. VІ Жаңа сабақтың түсінгенін тексеру.
 1. І-топ "Тұлғаларды таны" ойыны Сортими Томирис
йадри Дарий
қашыр Шырақ
гараспсип Спаргапис
кир Кир
ІІ-топ "Сандар да сөйлейді" ойыны
 Б.з.б. 530жыл Кир патшасы сақтарға қарсы жорық жасайды Б.з.б. 570-520 жылы Томирис патшайым өмір сүрген жыл Б.з.б. 519 -518жылы Дарий патшаның сақ жеріне жасаған жорығы Б.з.б. ІV ғасыр Грек -македонлықтар Ескендір Зұлқарнайынның бастауымен сақ жеріне басып кіреді.
2. Тест жазу
 3. Сұрақ-жауап.
1. Томиристің ұлының аты кім? (Спаргапис)
2. Шөл далада парсы әскерін түгел адастырып, қырғынға ұшыратқан ер журек , қайсар сақ малшысы (Шырақ)
3. Сақтардың әйел патшайымы кім? (Томирис)
4. Спаргаписті қулықпен өлтірген парсы патшасы (Кир)
 5. Ер жүрек қайсар сақ жауынгері Шырақтың алдауына сеніп , шөл далада әрең қашып құтылған парсы патшасы (Дарий)
 3. Семантикалық карта, мағынаны айыру + - Шаруашылығы Территориясы Сақ түрі
Тиграхауда Мургаб аңғары Көшпелі және отырықшы Қазақстанның Түркістан аймағы Мал шаруашылығы Хаумоварга Парадарайа
VІ Жаңа білімді бекіту.
мен парсылар арасындағы шайқас ұзақ жылдарға созылды. Олардың көшпелі салты жауынгерлік дәстүрлері өзге халықтардан үстем болды. Бұл дәстүрлер әлі де мағынасын жоғалтқан жоқ. Қазақтардың арғы ата-бабаларыда Отан үшін қасық қаны қалғанша күресіп, ерлігімен даңқа бөленген. Бұл ерлік дәстүр атадан балаға мұра ретіндеқалып келеді
VI Бағалау Үйге тапсырма.§10 оқу. Дәптердегі тапсырманы орындау
 
Категория: Тарих | Қосу: benera
Енгізілгені: 6375 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 3.0/4
Барлық коментарилар: 0
Имя *:
Email:
Код *:
Іздеу
Сайттағы достар
  • Сайт құру
  • Барлығы веб-шебер үшін
  • Барлығы үшін бағдарламалар
  • Әлемдегі қызықтар
  • Рунетадағы ең үздік сайттар
  • Тағам рецептері

  • Copyright MyCorp © 2024
    Сделать бесплатный сайт с uCoz