Жамбыл облысы, Шу қаласы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебіне хош келіпсіздер!

Сайт мәзірі
Бөлімнің категориялары
Информатика [5]
Қазақ тілі мен әдебиеті [3]
Сыныптан тыс жұмыстар [9]
Бастауыш сынып [2]
Оқушылар шығармашылығы [3]
Орыс тілі мен әдебиеті [1]
Математика [11]
Биология [1]
География [0]
Кіріктірілген сабақтар [6]
Ағылшын тілі [2]
Тарих [1]
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Кіру
Басты бет » Ашық сабақтар » Кіріктірілген сабақтар

Таза бұлақ. 3 сынып
15.02.2010, 13:36
Өткізілген уақыты 30.01.2010 ж.
Бастауыш сынып мұғалімі: Сәлімбаева Анаргүл
География пәнінің мұғалімі: Шоқаев Байтан Қораласбайұлы;
Орыс тілі пәнінің мұғалімі: Қуанышова Индира
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Нұрылдаев Серікхан
Сабақтың тақырыбы: Таза бұлақ.
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақтың көрнекі ақын – жазушысы Ы.Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру, әңгіменің тәрбиелік мәнін мәтінге сүйене отырып ашуға үйрету.
2. Оқушыларға бағыт – бағдар бере отырып, өз бетімен жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды жасауға машықтандыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
 3. Әңгіме арқылы еңбек ету, жақсылық жасау, адал, таза болу идеясын бойға сіңіру, еңбекқор, адамгершілігі мол, жақсылықты жаны сүйетін адам болуға тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ.
Типі: Дамыта оқыту, СТО технологиялары.
Әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, ой қозғау.
 Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, география, денешынықтыру, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1, 2 оқушы мазмұнын айтып береді.
 2. Сұрақтар бойынша жауап беру:
 1) Қария қандай сұраққа жауап берді?
2) Ол неге сонша қуандым дейді?
3) Өмірінде не нәрсеге қатты кейідім дейді?
 4) Қарияға күш, қуат берген не болды?
5) Ол өлген адамның өтінішін қалай орындады?
 3. Негізгі ойды қорыту. Мақал айту.
Алтын, күміс тас екен,
Арпа, бидай ас екен.
ІІІ. Оқушы білімін тексеру:
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар!
       Кімнің өлеңі? Қалай аталады?
ІҮ. Сабаққа мақсат қою.
Ү. Жаңа сабақ.
1. Қазақстан картасы.
а). Ақындығын таныту.
«Кел, балалар, оқылық!» , «Өзен». «Өнер – білім бар жұрттар», «Бұл кім?» «Жаз» т.б. ә). Жазушы болған. «Асыл шөп», «Әке мен бала», «Жаман жолдас», «Бақша ағаштары», «Аурудан - аяған күштірек» т.б.
 б). Аудармашы. «Қайырымды түлкі», «Қарға мен түлкі», «Екі шыбын» (И.А. Крыловтан) в). Мектеп ашқан. г). «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын жазған. ғ). Ұстаз, ағартушы.
2. Кіріспе әңгіме. Ы.Алтынсарин атында көшелер, мектептер бар. Алматыда Ы.Алтынсарин атында Ғылым академиясы бар. Ы.Алтынсарин атында медаль бар. Иегерлері: Ұлағатты ұстаз, қарт мұғалім Б.Балов және Қазақстанның халық жазушысы, Оқу - ағарту ісінің үздігі М.Әлімбай.
3. Ы.Алтынсаринің «Таза бұлақ» атты әңгімесімен танысамыз.
4. Мәтінді мәнерлеп оқу.
5. Сөздікпен жұмыс.
6. Оқушыларға оқыту.
7. Географиямен байланыстыру.
8. Қазақ тілімен байланыстыру.
 1 – топ еңбекқорлық –
2 – топ жақсылық –
3 – топ тазалық –
ҮІ. Жаңа сабақтың түсінгенін тексеру.
Үш жолаушының қайсысының пікірі дұрыс деп ойлайсың?
1 – жолаушының пікірі.
2 – жолаушының пікірі.
3 – жолаушының пікірі.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Халыққа жолдаған «Қазақстан – 2030» жолдауы – болашағымыздың бағдары. Жолдаудың сегіз бағытының бірі экологияға арналып отыр. Қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінген. Суға байланысты қандай тыйым сөздер білесіңдер?
1. Суға түкірме.
2. Ағынды суға кір жума. т.б.
Сурет бойынша жұмыс. Ы.Алтынсарин шығармаларының негізгі түйіні – білім мен тәрбиені ұштастыра білу.
ҮІІ. Қорыту:
 а) Ы.Алтынсарин өміріндегі ең үлкен белес не деп ойлайсыңдар?
 ә) Ы.Алтынсариннің кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті қандай?
«Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінің соңғы шумағын еске түсіру.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды,
«Өнер - жігіт көркі»деп
Ескермедік мақалды ....
 Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: «Таза бұлақ» мәтінін сахналауға дайындалу. Бағалау.
 
Категория: Кіріктірілген сабақтар | Қосу: benera
Енгізілгені: 8845 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.7/3
Барлық коментарилар: 0
Имя *:
Email:
Код *:
Іздеу
Сайттағы достар
  • Сайт құру
  • Барлығы веб-шебер үшін
  • Барлығы үшін бағдарламалар
  • Әлемдегі қызықтар
  • Рунетадағы ең үздік сайттар
  • Тағам рецептері

  • Copyright MyCorp © 2024
    Сделать бесплатный сайт с uCoz