Жамбыл облысы, Шу қаласы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебіне хош келіпсіздер!

Сайт мәзірі
Бөлімнің категориялары
Информатика [5]
Қазақ тілі мен әдебиеті [3]
Сыныптан тыс жұмыстар [9]
Бастауыш сынып [2]
Оқушылар шығармашылығы [3]
Орыс тілі мен әдебиеті [1]
Математика [11]
Биология [1]
География [0]
Кіріктірілген сабақтар [6]
Ағылшын тілі [2]
Тарих [1]
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Кіру
Басты бет » Ашық сабақтар » Кіріктірілген сабақтар

Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым. 7 сынып.
15.02.2010, 09:28
Өткізілген уақыты:28.02.2010 ж.
 Физика пәнінің мұғалімі: Мұсатаева Науат Шаяхметқызы
 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Құлмағамбетова Гүлжан Сабденқызы
Бастауыш сынып мұғалімі: Сарсембетова Жанар Амангелдіқызы
Валеология пәнінің мұғалімі: Жанғазиева Гүлназира Қалдықұлқызы
 Сабақтың тақырыбы: Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын  
                                            қысым.
 Мақсаты:
1. Пән аралық байланыс арқылы ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысымды ғылыми тұрғыдан түсіндіру. Оқушылардың өзара белсенді, интерактивті өздік таным әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жаңа тақырыпты меңгерту.
2. Мәтін мазмұнын дамытушы құрал ретінде пайдалана отырып, проблемаларды шешу барысында оқушылардың ойлау, пайымдау, қорытындылау, сараптау, зерделеу сияқты танымдық қасиеттерін дамыту.
3. Этнопедагогикалық, аймақтық материалдармен байланыстырып, салауаттылыққа, елжандылыққа, поэзияны сүйе білуге, тілді қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,түсіндіру, топтастыру, сатылай талдау және т.б.
Көрнекілігі: Паскальдың суреті, интерактивті тақта, шыны ыдыстар, су, керосин, манометр, доп, шар, ет тартқыш, үлестірмелі перфокарталар, суреттер.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Өмірдің өзі біздермен санасады, Кімдердің бар онымен таласары. Физика заңдылығын пайдаланып, Сырласар сіздермен халық даналығы
 II. Үй тапсырмасы: Газдың қысымы.
 А) 1-тәжірибе. Молекулалар соқтығысуы-99 сурет
Б) 2-тәжірибе. Қалпақ астындағы шар-100 сурет
С) 3-тәжірибе. Шприцпен жұмыс.
III. Оқушы білімін тексеру. Қазақ тілі пән мұғалімінің тапсырмалары:
А) Қысым сөзінің синонимі
Б) Күнделікті тұрмыс тіршілікте өмірде кездесетін қысым түрлерін талдау.
 - Іште талай дерт пісіп,
 - Көкіректі өрт қысып,
Айтуға көңілім тербенді.
                                          «Келдік талай жерге енді» өлеңі.
-Жүйрік уақыт шаршатпай қоймас ақыр,
 Денемді сауыт-сайман қысып жатыр.
                                         «Тұтқындағы батыр» өлеңі.
 -Жас балаға от та жоқ тұрған маздап,
Талтайып қақтана алмай, өле жаздап,
Кемпір шалы бар болса, қандай қиын,
Бір жағынан қысқанда о да азынап
                                         «Қараша желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңі.
-Ауырмай тәнім, Ауырды жаным,
Қаңғыртты, қысты басымды.
Тарылды көкірек, Қысылды жүрек,
 Ағызды сығып жасымды.
                                          «Сегіз аяқ» өлеңі.
 IV. Жаңа сабақтың мақсаты.
V. Жаңа сабақ.
Өткен тақырыпта біз гидравликалық машинадағы сұйыққа поршень тарапынан күш әрекет еткен кездегі қысымның берілуін қарастырған болатынбыз. Бұл сыртқы күштер әрекет еткендегі жағдай. Алайда сұйықтың өз ішінде де қысым болады: сұйық ауырлық күшінің ықпалында болады да, сұйықтың төменгі қабаттарына оның жоғарғы қабаттарының салмағы әрекет етеді. Ыдыс ішіндегі сұйықты ойша бірнеше қабатқа бөлеміз де (104 сурет), мынадай қорытынды жасаймыз: жоғарғы d қабатқа оны екінші қабатқа қысып басатын, сөйтіп оған белгілі бір қысым түсіретін ауырлық күші әрекет етеді. Екінші с қабаты бұл қысымды Паскаль заңы бойынша төмен қарай және барлық жаққа бірдей таратады; оның үстіне бұл қабатқа оны үшінші b қабатқа қысып басатын ауырлық күші әрекет етеді. Олай болса, үшінші қабаттан түсетін қысым алдыңғы екі қабаттағы қысымдардың қосындысына тең.
Валеология пәнінің мұғалімі:
Сұйық ішіндегі қысымның тереңдікке тәуелді болатынын адам суға сүңгу кезінде есте ұстауы қажет. Арнайы жаттығусыз үлкен тереңдікке түсу мүмкін емес, өйткені жоғары қысымның әсерінен адам қаны атмосфералық азотпен қанығады. Судың бетіне тез көтерілуге де болмайды, себебі қысымның кенеттен азаюынан азот көпіршік түрінде қаннан бөлініп шығады, яғни қан қайнағандай болады. Азот көпіршіктері қан тамырларын бітеп тастайды да, көп жағдайда адамды ауыр науқасқа шалдықтырады. Егер сүңгуір өзін нашар сезіне бастаса, оны барокамераға орналастырады. Ондағы ауаның қысымы өте жоғары. Сол жерде белгілі бір уақыт ұстағаннан кейін қысымды біртіндеп қалыпты деңгейге түсіреді:
 Физика пәнінің мұғалімі:
 -енді сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымын есептеуді қарастырайық. Қысымды есептеп шығару үшін қысым күшін ол әрекет ететін беттің ауданына керек екені бізге мәлім.
Мысалы, табанының ауданы S болатын цилиндір тәрізді ыдысқа массасы m сұйық құямыз.
-Сергіту сәті:
 Ауырлық күші сұйық бағананың салмағына тең: F=P яғни P=mg.
Слайд арқылы түсіндіріледі.
Сұйықтың массасы оның тығыздығы арқылы : m=pV;
ал көлемін- ыдыс табаны ауданының сұйық бағанының биіктігіне көбейтіндісі мен өрнектеуге болады:
V=Sh. Сұйық бағанының ыдыстың табанына түсіретін қысымын былай есептейді. P=gpSh=gph , яғни p=pgh S
Алынған формула ауырлық күші әрекет еткен сұйықтың қысымының ыдыс табанының ауданына тәуелді болмайтынын, тек қана сұйық бағанының биіктігіне және оның тығыздығына тәуелді болатынын көрсетеді. Мысалы сынап суға тарағанда ыдыстың табанына 13,6 есе артық қысым түсіреді.
Жаңа білімді түсінуін тексеру.
Бастауыш сынып мұғалімі:
цилиндр тәрізді әр түрлі екі ыдысқа массасы бірдей су құйылған (106-сурет).
1.Судың ыдыстар табанына түсіретін қысым күші бірдей бола ма? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
2. Екі ыдыс берілген. Оның біреуіне су екіншісіне керосин құйылған. Сұйықтардың деңгейі бірдей. Ыдыс табанына түсіретін қысым бірдей ме?
3. Саңылаулары бар цилиндрдегі сұйық ең жоғарғы саңылаудан жақынға, ал төменгі саңылаудан неғұрлым алысқа шапшиды (107-сурет). Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?
 4. Ішінде суы бар ыдысты таудың биік шыңына орналастырғанда; таудың етегіне орналастырғанда оның бүйіріндегі саңылаудан судың шапшып шығу жылдамдығы бірдей бола ма?
2. Сұйықтар мен газдардағы қысым.
1. Неге бәйгеге шапқанда бала аттың мойнына жатып шабады?
2. Неге құстар алыс сапарға шыққанда тізбектеле немесе үйірімен ұшады?
3. Неге бүркіт қанатын қозғалтпай ауада ұша алады?
4. Бүркіт аңға түсер кезде қанатын жинап, денесін қатты қысып шүйілетіні неліктен? Жаңа білімді бекіту.
1. 22- жаттығуды тақтаға орындату
2.Қадір Мырзалиевтің «Күлтегін шығармасынан үзінді:
 Найзаларын ұштаған Екеуі де ұста хан
 Бассыз жатқан түркіні Басын қосып ұстаған
Себебі қысым түсірілген күшке тура пропорционал, ал оның ауданына кері пропорционал болады, яғни найза ұшының ауданы неғұрлым аз болса, соғұрлым оның түсіретін қысымы көп болады.
Валеология пәнінің мұғалімі:
Қыс айында шаңғы тебеміз. Шаңғы тебудің талаптарын орындағаннан кейін, жаяу серуендейміз. Осы жағдайларда шаңғымен жүру неге жеңіл? Адамның қармен жүруі қиын, өйткені ол қадам басқан сайын қарға омбылайды. Шаңғымен де, шаңғысыз да адам қарды өзінің салмағына тең бірдей күшпен басады. Шаңғымен тұрғанда қар бетінің әрбір шаршы см ауданын шаңғысыз тұрғандағыдан гөрі 20 еседей аз күшпен басады.
Бастауыш сынып мұғалімі:
 Апаларымыз ертеде көрпені қолмен тіккен кезде неліктен бармаққа оймақ киеді? Өйткені оймақпенде, оймақсыз да адам тігін тіккенде инеге бірдей күшпен әсер етеді. Бірақ ол күштің бұл екі жағдайдағы нәтижесі бірдей емес. Оймақсыз иненің кері ұшының ауданы аз болады да, оның бармаққа түсіретін қысымы көбейіп, ауырғанын сезінеміз тіпті жарақаттауы да мүмкін. Бұл жағдай болмау үшін кері ұшының ауданын үлкейту мақсатында оймақ киеміз.
Физика пәнінің мұғалімі:
өтілген жаңа сабақты сатылай талдау әдісімен қорытады.
Үйге тапсырма: p.47, 2- есеп, 16- тапсырма.
 
/2.ppt
Категория: Кіріктірілген сабақтар | Қосу: benera
Енгізілгені: 9285 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 4.0/3
Барлық коментарилар: 0
Имя *:
Email:
Код *:
Іздеу
Сайттағы достар
  • Сайт құру
  • Барлығы веб-шебер үшін
  • Барлығы үшін бағдарламалар
  • Әлемдегі қызықтар
  • Рунетадағы ең үздік сайттар
  • Тағам рецептері

  • Copyright MyCorp © 2024
    Сделать бесплатный сайт с uCoz