Жамбыл облысы, Шу қаласы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебіне хош келіпсіздер!

Сайт мәзірі
Бөлімнің категориялары
Информатика [5]
Қазақ тілі мен әдебиеті [3]
Сыныптан тыс жұмыстар [9]
Бастауыш сынып [2]
Оқушылар шығармашылығы [3]
Орыс тілі мен әдебиеті [1]
Математика [11]
Биология [1]
География [0]
Кіріктірілген сабақтар [6]
Ағылшын тілі [2]
Тарих [1]
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Кіру
Басты бет » Ашық сабақтар » Кіріктірілген сабақтар

Paint графикалық редакторының құралдары. 7 сынып
[ Скачать с сервера (1.44 Mb) ] 05.02.2010, 12:10
Өткізілген күні: 26.02.2010 ж.
 Информатика пәнінің мұғалімі: Таткеева Гүлжан Мырзахмедқызы;
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Дорофеева Тамара Аркадевна;
Бастауыш сынып мұғалімі: Абсаматова Әлия Төребекқызы ;
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Омарова Ляззат Әбдіманапқызы;
 Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдарымен практикалық жұмыс
 Білімділік мақсаты:
1.Оқушылардың редактордың құрал-саймандарын дұрыс пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру
2. Интерактивті тақта мүмкіндіктерін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай пайдалану
3. Электронды оқулықпен есте сақтауға, логикалық ойлауға берілген тапсырмаларды меңгерту.
Тәрбиелік мақсаты: Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға ұмтылу және уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: Оқушы білімін қайталау.
Сабақтың түрі : Практикалық , кіріктірілген сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, компьютер, кітап және жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы: Информатика пәнінің мұғалімі:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Оқушылардың білімін тексеру.
1. "Paint"- сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
2. Paint редакторы не үшін қажет?
3. Paint редакторын қалай іске қосамыз?
3. Графикалық редактор терезесінің элементерін ата.
4. Экранда жоқ құралдар тақтасын қалай орнатамыз?
5. Түстер палитрасының көмегімен қанша түсті таңдауға болады?
6. Сурет салу кезеңдерін ата.
7. Paint редакторында қанша құрал бар?
 ІІІ. Оқушыларға сабақтың мақсатын, жоспарын түсіндіру.
Бүгінгі сабағымыз күндегіден өзгеше кіріктірілген сабақ.
Сабағымыздың мақсаты Paint графикалық редакторының құралдарының көмегімен компьютерде сурет салу, оны безендіру, бояуларды ажырата білу және құралдардың аттарын үш тілде меңгеру дағдыларын қалыптастыру. Сондықтан сабағымызды әрі қарай теориялық алған білімімізді практикалық жұмыспен ұштастыра отырып жалғастырамыз. Сыныпты екі топқа бөлеміз. Бірінші топ «Құралдар», екінші топ «Түстер» деп аталады.
 ІV. Негізгі бөлім:
1. «Өзің орында» - компьютермен практикалық жұмыс. Мұғалім оқушыларға үлестірмелі тапсырмалар беріп, оны компьютерде орындайды.
 Карточкадағы тапсырмалар:
1.Тіктөртбұрыш, эллипс, дөңгеленген тіктөртбұрыш және бүріккіш құралдарының көмегімен суретті сал және құю құралын пайдаланып, боя.
2.Қисық сызық, сызық, эллипс, бүріккіш құралдарының көмегімен суретті сал және құю құралының көмегімен боя.
3.Дөңгеленген тіктөртбұрыш құралының көмегімен суретті сал және оны құю құралын пайдаланып боя.
4.Көпбұрыш, тіктөртбұрыш, эллипс құралдарын пайдаланып суретті сал және құю құралын пайдаланып боя.
2. «Жаз сыйлықтарын бояу» -Интерактивті тақтада және үлестірмелі карточкалар көмегімен суреттерді бояу. (Activstudio-программасының кітапхана қорындағы суреттер кітапханасын пайдаланып.)
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:
Қылқалам және бояулар туралы оқушыларға мәлімет береді. Сосын интерактивті тақтамен тапсырмаларды орындайды.
3 Сергіту сәті:
 Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:
 Оқушыларға көзге жаттығу және сергіту ойындарын ойнатады.
4. «Түстерді ажырату» ойыны- ағылшын тілінде.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:
 Мұғалім ағылшын тілінде айтып, суретті көрсетеді. Оқушылар сол суреттің қандай түс екенін ағылшын тілінде айтады. Екі топ жарысады.
 5. «Есте сақтау» ойыны. (Электронды оқулықты пайдаланып.)
Информатика пәнінің мұғалімі: «Компьютерлік сауаттылық 2-6 сыныптар» -электронды оқулығын пайдаланып, оқушылардың есте сақтау қабілетін, зейінін тексеру ойындарын ойнатады.
6. «Кім тапқыр» ойыны – топпен жұмыс.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Топты жарыстырады. Тақта бетінде шашылып жатқан суреттер мен олардың ағылшынша жазылған аттарын тауып жинау.
7. Тест (Paint графикалық редакторына арналған.)
Информатика мұғалімі: Оқушыларғ тақтада жазылған тест жұмыстарын орындайды. V. V. Қорытынды бөлім.
 Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың сабақ барысында әрбір орындаған тапсырмалары үшін балл қойылып отырады. Сабақтың соңында бәрін есептеп, оқушылардың бағасын және топтың жинаған балын есептеп, қай топтың жеңгенін анықтайды.
VI. Үйге тапсырма беру.
 
Категория: Кіріктірілген сабақтар | Қосу: benera
Енгізілгені: 11886 | Загрузок: 678 | Комментарилар: 2 | Рейтинг: 2.7/9
Барлық коментарилар: 2
2 Гулжан  
0
Кіріктірілген сабақ деп -бір сабаққа бірнеше пәннің кіріктірілуін айтамыз. Барлық сабақта АКТ пайдаланып өтуге болады.

1 Нур  
0
Сабак азiрлемесi жаксы екен, бiрак кiрiктiрiлген сабак деп егер бiр такырып бiрнеше сабакта отетiн болса, мысалы жогарыдагы такырып агылшын тiлiнде жане дене шыныктыру сабагында бар болса, сол айтылмаушы ма едi, ал мынандай сабак - АКТ колданып откiзiлген сабак

Имя *:
Email:
Код *:
Іздеу
Сайттағы достар
  • Сайт құру
  • Барлығы веб-шебер үшін
  • Барлығы үшін бағдарламалар
  • Әлемдегі қызықтар
  • Рунетадағы ең үздік сайттар
  • Тағам рецептері

  • Copyright MyCorp © 2024
    Сделать бесплатный сайт с uCoz