Жамбыл облысы, Шу қаласы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебіне хош келіпсіздер!

Сайт мәзірі
Бөлімнің категориялары
Информатика [5]
Қазақ тілі мен әдебиеті [3]
Сыныптан тыс жұмыстар [9]
Бастауыш сынып [2]
Оқушылар шығармашылығы [3]
Орыс тілі мен әдебиеті [1]
Математика [11]
Биология [1]
География [0]
Кіріктірілген сабақтар [6]
Ағылшын тілі [2]
Тарих [1]
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Кіру
Басты бет » Ашық сабақтар » Информатика

10 сынып. Антивирустар
24.05.2010, 13:44
Сабақтың тақырыбы: Антивирустар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды «Антивирус» ұғымымен, негізгі қызметімен таныстырып, жұмыс істеу ережесін меңгерту.
Дамытушылық: Компьютерлік вирустар туралы түсінік бере отырып, ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.
 Сабақтың әдісі: Жеке оқушымен.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта..
 Сабақтың барысы:
 І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
 ІІ. Оқушының білімін тексеру.
1. Операциялық жүйе дегеніміз не? Не үшін қажет?
2. Жүйе параметрлерін баптау үшін шақырылатын терезе?
3. Windows жүйесіндегі маңызы зор буфер?
 4. Проводник дегеніміз не?
Тапсырмалар орындау.
1. Экранын фонын өзгерту.
 2. Күн мен уақытты баптау.
3. Пернетақтаны баптау.
 ІІІ. Сабақтың мақсатын қою.
 Оқушыларға компьютерлік вирустар жайлы түсінік бере отырып, олардан антивирустардың көмегімен қалай қорғануға болатындығы жайлы мәлімет беру.
І V. Жаңа білім беру. Өмірдегі сияқты компьютер әлемінде де көптеген кедергілер кездеседі. Программалардың ашпай қалуы, компьютердің дұрыс жұмыс істемеуі және т.б сияқты. Бұның барлығы вирустардың әсерінен болады. Вирустар дегеніміз бұл арнайы жазылған шағын көлемді программа. Олар басқа программмалардың алдына, не соңына қосымша жазылады да ол программаны бүлдіруге кіріседі. Бұл вирус жұққан программалар «зақымдалған» немесе «бүлінген» деп аталады.
 Вирустың пайда болу белгілері:
 · Программа дұрыс жұмыс істемейді немесе жұмысын тоқтатады.
 · Экранда бөгде символдар , хабарламалар шығады.
· Компьютер баяу жұмыс істейді.
 · Кейбір файлдардың бұзылуы.
· Компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар және жаңылысулар.
 Вирустар 3 типке бөлінеді.
 1. Мекендеу ортасына қарай.
 2. Жұмыс логикасы мен мақсатына қарай.
3. Мақсатына қарай.
 Мекендеу ортасына қарай вирустар: файлдық, жүктейтін, макровирустар.
Файлдық вирустар-қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде орындалады.
 Жүктейтін вирустар- негізгі жүктейтін жазбаға және жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Яғни операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.
 Макровирустар- Word құжатына және Excel электрондық кестесі құжатына вирус жұқтырады. Құжат файлын ашқанда жұғу орындалады. Жұмыс логикасы мен мақсатына қарай вирустар- троян аттары, логикалық бомбалар, ұстауыш вирустар, құрттар деп аталады. Бұл вирустар қолданбалы программаларға еніп соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді орындайды. Бұлар программалардың қателіктері мен сәйкессіздіктерін пайдаланатын вирустар.
 Мақсатына қарай – насихаттаушы, мағынасыз, шантаж жасаушы,бейсауат деген вирустар бар. Вирустардан қорғану үшін қазіргі кезде антивирус программалары бар. Олар осы вирустардан қорғауға арналған арнайы бағытты программалар. Антивирустар тек вирустарды тауып қана қоймай, оларды жояды. Антивирустардың бірнеше түрі бар.
Детектор программалар- бұлар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, ал кейінгі вирус түрлеріне дәрменсіз болып келеді.
Доктор программалар- бұлар вирус жұққан программалар мен дискілерден вирус әсерін алып тастау арқылы емдеп, бастапқы қалпына келтіреді.
 Ревизор программалар- бұлар ең алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, оны әлсін-әлсін кейінгісімен салыстырып отырады да сәйкессіздікті анықтаса дереу программа иесіне хабарлайды
Доктор-ревизорлар- бұл доктор программалар мен ревизор программалардың арасынан шыққан гибрид. Бұлар файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оны автоматты түрде емдеп, бастапқы қалпына келтіреді. Полифагтар немесе фагтар, бұлардың қызметі вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы программадан жою.Өте қуатты полиграф-сканерге Данилов құрған Dr.Web программасы жатады. Бұл программа вирустарды жақсы айырып таниды. Касперский зертханасы құрған Kasperski антивирусы да сенімді антивирустардың бірі ретінде әлемге аян. Сүзгі программалар- бұлар компьютердің оперативті жадына тұрақты түрде орналасып вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап, оны программа иесіне хабарлайды. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты.
V. Жаңа білімді түсінгенін тексеру. Сөзжұмбақты шешу.
VI. Жаңа білімді бекіту.
Тест сұрақтарына жауап беру.
 VII. Қорытынды.
Үй тапсырмасы антивирус программасы.
Категория: Информатика | Қосу: benera
Енгізілгені: 9635 | Загрузок: 0 | Комментарилар: 1 | Рейтинг: 3.6/5
Барлық коментарилар: 1
1 ВУС  
0
mAL ADMSINDAR BARIN

Имя *:
Email:
Код *:
Іздеу
Сайттағы достар
  • Сайт құру
  • Барлығы веб-шебер үшін
  • Барлығы үшін бағдарламалар
  • Әлемдегі қызықтар
  • Рунетадағы ең үздік сайттар
  • Тағам рецептері

  • Copyright MyCorp © 2024
    Сделать бесплатный сайт с uCoz