Жамбыл облысы, Шу қаласы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебіне хош келіпсіздер!

Сайт мәзірі
Бөлімнің категориялары
Информатика [5]
Қазақ тілі мен әдебиеті [3]
Сыныптан тыс жұмыстар [9]
Бастауыш сынып [2]
Оқушылар шығармашылығы [3]
Орыс тілі мен әдебиеті [1]
Математика [11]
Биология [1]
География [0]
Кіріктірілген сабақтар [6]
Ағылшын тілі [2]
Тарих [1]
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Кіру
Басты бет » Ашық сабақтар » Информатика

MS Excel-дегі деректермен жұмыс істеу.
[ Скачать с сервера (520.0 Kb) ] 04.03.2010, 16:19
Информатика пәнінің мұғалімі- Таткеева Гүлжан Мырзахметқызы
 
Сабақтың тақырыбы: MS Excel-дегі деректермен жұмыс істеу.
 Сабақтың мақсаты: Электрондық кестеде деректерді енгізу және оларды форматтаумен ( пішімдеумен) таныстыру, MS Excel –де деректермен жұмыс істеуді үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.
Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: MS Excel кестелік процессоры, Интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері.
Білім мен біліктілігіне қойылатын талаптар:
Оқушы нені білуі тиіс:
- MS Excel-дегі негізгі ұғымдар мен әрекеттерді;
- MS Excel электрондық кестесінде деректерді енгізуді;
 -Формулада, электрондық кестеде, ұяшықтарға жазу ережелерін.
Оқушы үйренуі тиіс:
-Мәтіндік деректерді, сандық мәндерді, формулаларды жазуды;
 -Электрондық кесте жасауды және толтыруды;
 - MS Excel-дегі деректермен әр түрлі жұмыстар істеуді.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
ІІ. Өткен сабақты қайталау мақсатында пысықтау сұрақтары:
1.MS Excel кестелік процессоры деректермен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді?
2. Жұмыс кестесінің негізгі элементтерін атаңдар.
3. Жұмыс кітабы және жұмыс кестесі жегеніміз не?
4. Бағанның ені мен жолдың биіктіктерін қалай өзгертуге болады?
ІІІ. Оқушыларға MS Excel-дегі деректермен жұмыс істеуді, яғни мәтінді енгізуді, сандарды енгізуді және оларды форматтауды(пішімдеуді) үйрету.
 IV. Жаңа сабақты түсіндіру. «Оқыта үйрену» әдісімен кесте құру және деректер енгізіп, оларды форматтауды (пішімдеуді) компьютер арқылы көрсету.
1. Деректерді енгізу және форматтау (пішімдеу). MS Excel кестесінде «Шахмат турнирі» деген атпен шаблон құру және оны компьютерде орындау.
Интерактивті тақтадан кестенің суретін көрсету.
2. Қарапайым функциялар және оларды шартты пішімдеу. Оқушылардың әр пәннен алған бағаларының орташа балын есептеу кестесін құру жіне ұяшықтағы сандар мен деректерді бояу.
V. «Брейн-ринг» ойыны. Оқушылардың алған білімдерін шыңдай.
1. Электрондық кестеде қатарлар, бағандар, ұяшықтар қалай бейнеленеді?
 2. Кестеде бөлшек санды қалай енгіземіз?
3. Бағанның қалай кішірейтеміз немесе үлкейтеміз?
4. Қатардың биіктігін қалай үлкейтеміз?
5. Ұяшықтарды қалай қосамыз?
6. А4:D6 адресімен анықталған блокта неше ұяшық бар және түсіндір.
 7. 5-ші жол мен 3-ші баған қиылысуында тұрған ұяшықтың адресін ата.
8. «Шартты пішімдеу» терезесін қалай ашамыз?
9. Ұяшықтарды бояу үшін қандай батырманы пайдаланамыз?
10. Деректерді қалай сақтаймыз?
VI. «Бас қатырғы» ойыны. Компьютермен жұмыс тапсырмасы:
 1. MS Excel электрондық кестесінің А бағанасына сыныптағы оқушылар тізімін, В бағанасына туған жылдарын, С бағанасына жынысын, D бағанасына телефон нөмерлерін енгіз және түрлі түспен боя.
 2. D1, D2, D3, D4, D5, D6 ұяшықтарына әр түрлі сандарды енгіз және олардың қосындысын формула енгізу арқылы тап. Қосындысын табудың тағы қандай жолдары бар.
VII. Үйге тапсырма. Өтілген тақырыпты қайталау. Оөушылар күнделігінің кестесін құрып келу.
Категория: Информатика | Қосу: benera
Енгізілгені: 4540 | Загрузок: 519 | Комментарилар: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық коментарилар: 1
1 Қаламқас  
0
Дұрыс бағыт алыпсыз.

Имя *:
Email:
Код *:
Іздеу
Сайттағы достар
  • Сайт құру
  • Барлығы веб-шебер үшін
  • Барлығы үшін бағдарламалар
  • Әлемдегі қызықтар
  • Рунетадағы ең үздік сайттар
  • Тағам рецептері

  • Copyright MyCorp © 2024
    Сделать бесплатный сайт с uCoz