Жамбыл облысы, Шу қаласы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебіне хош келіпсіздер!

Сайт мәзірі
Бөлімнің категориялары
Мектептегі жетістіктер [4]
Спорт [0]
Олимпиада [1]
ҰБТ [0]
Аламан ой-өріс марафоны [0]
Жаңалықтар [0]
Мектептегі іс-шаралар [2]
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Кіру
Басты бет » Мақала » Мектептегі іс-шаралар

Әлеуметтік педагогтың жылдық қорытынды есебі
                                                «Мойынқұм ауданы әкімдігі білім бөлімінің  
                                                        С.Сейфуллин атындағы орта мектебі»
                                                        мекемесі 2009-2010 оқу жылы барысындағы
                                                        әлеуметтік педагогының жылдық қорытынды есебі.
 
      Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қәзір қоғамымыз әлеуметтік-рухани дағдарысты басынан кешіруде. Қазақстан 1989 жылы БҰҰ қабылдаған «Бала құқығы туралы конвенцияны» мақұлдады. Конвенция мазмұны негізгі 4 талап қояды, баланың өмір сүру құқығы, баланы қорғау, дамуына жағдай жасау, қоғамдық өмірге белсене араласу құқын құрметтеу. Негізгі басымдық баланы қайсыбір себептері болмасын кемсітпеу. Конвенция әлеуметтік қорғалмаған балалар тобына, жетімдерге, мүгедектерге, құқық бұзушыларға ерекше көңіл бөледі.
      Әлеуметтік педагогика – ортаның, қоғамның, тәрбиеге, әлеуметтенуге әсер ету факторын зерттейтін педагогиканың бір саласы.
      Әлеуметтік педагогиканың мақсаты –оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру.
       Отбасы. Бала. Мектеп.
       Бір-бірінен ажырағысыз үш ұғым.
       Отбасы бар жерде бала бар,
       бар жерде мектеп бар. 
    Енді, мектебіміздегі әлеуметтік педагогтың қызметтік функцияларына тоқталайық.:
• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларының тізімін жасау;
• Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларын тегін оқулықпен қамтамасыз ету;
 • Аз қамтылған жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың құжаттарын рәсімдеу;
 • Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан материалдық көмек берілетін оқушылардың тізімін талдау және бекіту;
• Үйден оқытуды қажет ететін оқушылардың тізімін анықтау және үйде оқыту жұмыс жоспарының орындалуын қадағалау;
 • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі және облыстық білім басқармасымен "Мектепке барар жол” атты басшылыққа ала отырып,мекеме басшыларымен, кәсіпкерлермен бірігіп қамқорлық акциясын ұйымдастыру;
 • Аудандық және президенттік "Жасыл шырша” мерекесіне қатысатын оқушыларды таңдау және жіберу;
 • 0-18 жас аралығындағы балалар тізімін алу.(мамыр, тамыз есебі)
 • Мектеп жанындағы "Көгершін” лагеріне жағдайы төмен отбасы балаларының тартылуын қадағалау;
С.Сейфуллин атындағы орта мектебі бойынша жалпы оқушылар саны жыл басында – 199 бала болды. Оның ішінде:
А) Аз қамтылған, жағдайы төмен жанұя балаларының саны-10
Ә) Жартылай жетім балалар саны-15.
Б) Көп балалы отбасы балаларының саны-38.
      Оқушылардың өсіп отырған психоэмоциялық және физикалық жүктемелері оқушылардың денсаулықтарын нығайту және сақтауды басты міндет етіп отыр. Ресми статистика мұндай көрсеткіштің төмендеп бара жатқандығын дәлелдейді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша оқушылардың 90%-ында денсаулық жағдайының түрлі деңгейіндегі ауытқушылықтары, 40%-ында созылмалы аурулар бар. Оқушылардың тек үштен бір бөлігінің денсаулығын дұрыс деп есептеуге болады.Әсіресе 15-17 жастағы жасөспірімдердің жағдайы алаңдаушылық туғызады. Есте сақтау қабілетінің төмендеуі, оқу күнінің соңына қарай ойын жинақтай алмауы-қалыпты жағдай болып отыр.Балалардың көпшілік бөлігі тез ашуланғыш,физикалық әлсіреңкілігімен ерекшеленеді. Мұндай жағдайлардың себептері көп: бұл әлеуметтік мәселелер, нашарлап бара жатқан экология, толыққанды тамақтанбау, гиподинамия және т.б. Сондықтан қордың қаражатын ең алдымен бағыттау қажеттілігі-бұл оқушылардың ыстық тамаған ұйымдастыру. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан, жетім, қамқорлықтағы балалар үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастыру туралы мектеп директоры атынан мектеп асханасын жалға алушылармен шарт жасалады.Тамақтану мектеп директорымен бекітілген ас мәзірі және кестесі бойынша жүргізіледі.Ыстық тамақтың сапасы және ұйымдастырылуына бақылауды медбике, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, жалпы мектептегі ата-аналар комитетінің өкілі және сынып жетекшілері жүзеге асырады. Мектебімізде аз қамтылған, көп балалы және жетім, жартылай жетім отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында -25 оқушы тізімде бар.
     Ай сайын аз қамтылған, жетім, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларына ыстық тамаққа бөлінген қаражат есебі хабарлама түрінде ауданға жіберіліп отырады.. (2009-2010 оқу жылы)
     Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу мақсатында Республикалық «Мектепке барар жол» атты 2009 жылдың 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында акция жүргізілді. Акцияға біздің мектебімізде өз үлестерін қосты. Акциясының іс-шаралар ж о с п а р ы жасалды.Мейірімділік ”қоры деректер банкі құрылды."Мейімділік” қорынан түскен қаржы,  материалдық көмек ретінде жағдайы жоқ 11 оқушыға берілді.
      Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер жанындағы жалпыға бірдей міндетті білім беру қоры күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан аса мұқтаж 1-11 сынып оқушыларын әлеуметтік қорғау көрсету мақсатында құрылған. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңының 4-бабы 21-тармақшасын жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасының Үкіметі 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін » бекітті. Осы мақсаттарға бөлінетін қаржыны мақсатты жұмсау білім мекемесінің бірінші басшысы арқылы қамтамасыз етіледі. Мектеп ішіндегі бұйрықпен бекітілген жауапты тұлға ата-аналардың, немесе олардың орнындағы тұлғалардың өтініштері негізінде қаржылық және материалдық көмек көрсетуге мұқтаж балалардың тізімі жасалады, сондай-ақ көмек көрсету түрлері атап көрсетіледі. Биыл,ы 2009-2010 оқу жылында жалпы білім беру қорынан бір жүз сегіз мың бес жүз теңге  (108500 теңге) материалдық көмек берілді.
  Ұсыныс:
 • Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан аса мұқтаж балаларға көмек бөлу және осы қаражаттың жұмсалуын қадағалау;
• Үлгермейтін және ауруына байланысты сабаққа ұзақ қатыспаған оқушылар үшін жеке консультациялар ұйымдастыру.
 
Категория: Мектептегі іс-шаралар | Қосу: benera (16.06.2010)
Көрсету: 29258 | Комментарилар: 12 | Рейтинг: 1.7/3
Барлық коментарилар: 121 2 »
12 Жадыра  
0
Сәлеметсизбе мен осы жұмысты жанадан кірген едім едім қандай құжаттар жинауын білмей жатырмын, қай құжатты қай папкаға қойатынымды білмей жүрмін көмек бере аласызба

11 Айшолпан  
0
Саламатсызба жаңаанаосы жумыска орналасып жатыр едим маған жасаған документеринизиди почтама жибере аласыздарма, мендесиздерге бар истеген кағазымды жиберемин, биринш жылболғасын киналып журмин

10 Камшат  
0
салем ариптестер

9 Жантас  
0
Сәлеметсизбе мен осы жұмысты жанадан кірген едім едім қандай құжаттар жинауын білмей жатырмын, қай құжатты қай папкаға қойатынымды білмей жүрмін көмек бере аласызба

8 Салима Ербатырова  
0
екенин айта аласыз ба

7 Салима Ербатырова  
0
Саламатсызба әріптес? Сизден көмек керек еди, маған мүмкіндігі шеутеулі оқушылардың папкасында қандай құжаттар болу керек

6 Назгуль  
0
Cалеметсізбе? маган жылдық жоспарыңызды бере аласызба?

5 дархан кайыров  
0
Сәлем, әріптес! сізбен бірге жұмыс жасаыйқ, мененде бір көмеғк тиер, мектептер аттестациядан өткенде қандай құжаттар қажет, болады. соны білесізбе? сұрақтарыңыз болса жазыңыз, бар білгенімді жазамын

4 Aidos  
0
Aidos_kenesbekov@mail.ru

3 Асель  
0
сәлеметсіз бе? мен сізден жоспарларыңызды беруіңізді сұрайын деп едім, мен жаңадан келген жас маман едим біздің ауданда бұл сала жанадан ашылып отыр сондықтан маған қиын тиіп отыр өттінем көмектесіңізші

1-10 11-12
Имя *:
Email:
Код *:
Іздеу
Сайттағы достар
  • Сайт құру
  • Барлығы веб-шебер үшін
  • Барлығы үшін бағдарламалар
  • Әлемдегі қызықтар
  • Рунетадағы ең үздік сайттар
  • Тағам рецептері

  • Copyright MyCorp © 2024
    Сделать бесплатный сайт с uCoz