Бастауыш сынып мұғалімі: Сәлімбаева Анаркүл
Сабақтың тақырыбы: Достық өлкесінің заңы.
Сабақтың мақсаты:
1) Өлеңнің мәтіндік мазмұнын, негізгі идеясын ашу.
2) Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорларын байыту.
3) Өзара жолдастық көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
I I Үй тапсырмасын тексеру.
1) В. Сухомминский «Ақ шаш»
2) Оқушы сахналап көрсетеді.
А) Мәтіндегі негізгі ой қандай мәселеге құрылған?
Ә) Мәтінді қандай мақалмен айтуға болады?
Б) Шешесі баласының соңғы сұрағына не деп жауап берер еді?
I I I Оқушы білімін тексеру.
Мақал-мәтел
Досы көпті-жау алмайды,
Дұшпаны көпті-дау алмайды.
IV. Сабаққа мақсат қою. 1) Сөзжұмбақ шешу.
1) Қазақтың атақты палуаны.
2) Құстар айтысындағы кейіпкер.
3) Әліппенің атасы
4) «Егіеші мен қасқыр қандай шығарма.
5) «Бетпақдала» ертегісіндегі өсімдік.
6) Мүйізді жануар.
2. Математикалық сөзжұмбақ.
V. Жаңа сабақ.
1. Шахановтың «Достық өлкесінің заңы» өлеңімен танысамыз.
2. Ақынның өмірбаяны.
3. Дос туралы не білетінімізді топтастыру. Дос- құрметтеу, сыйлау, көмектесу әңгіме, көмектесу.
4. Бір оқушыға мәнерлеп оқыту.
5. Сөздік жұмыс.
6. Мазмұнын қара сөзбен айту.
7. Оқушыларға оқыту.
VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.
1) Ақын бала кезін, қалай есіне түсірді?
2) Ол кезде қандай оқиға болған еді?
3) Балалар әжесінен неліктен қорықты?
4) Әжесі баласын неге жазалаусыз қалдырды?
5) Әжесі неге ашуланды?
6) Нағашы атасы жиенін қалай қорғады?
7) Баланың орнында сен өзің болсаң не істер едің?
VI I. Жаңа сабақ қорыту.
Тест
1) Біз немен таныстық?
А) Әңгімемен +
В) Өлеңмен
С) Мысалмен
2) Достық өлкесінің заңы өлеңінің авторы кім?
А) М. Шаханов +
В) Б. Майлин
С) М. Жұмабаев
3) Өлеңдегі «нағашы» сөзін қалай түсінесің?
А) Әкеңнің туыстары
В) Анаңның туыстары +
С) Өз әке-шешең
4) Сен кімге жиенсің?
А) Ағаңа
В) әкеңе
С) Нағашыларыңа +
5) Шығармада не туралв айтылған?
А) ауыр тұрмыс
В) табиғат
С) достық +
Бағалау. VIII. Үйге тапсырма. Өлеңнің мазмұнын айту, соңғы шумағын жатқа айту.
/13.ppt
|