Жамбыл облысы, Шу қаласы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебіне хош келіпсіздер!

Сайт мәзірі
Бөлімнің категориялары
Информатика [5]
Қазақ тілі мен әдебиеті [3]
Сыныптан тыс жұмыстар [9]
Бастауыш сынып [2]
Оқушылар шығармашылығы [3]
Орыс тілі мен әдебиеті [1]
Математика [11]
Биология [1]
География [0]
Кіріктірілген сабақтар [6]
Ағылшын тілі [2]
Тарих [1]
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Кіру
Басты бет » Ашық сабақтар » Сыныптан тыс жұмыстар

Аққудың қанатымен жазылған жыр
16.04.2010, 10:15
Сабақтың тақырыбы: «Аққудың қанатымен жазылған жыр»
Сабақтың мақсаттары:
а) білімділік: әр бір оқушы өздерінің өмір сүріп жатқан табиғат ортасын қорғау, аққуды қастерлеу, ананың махаббатын ұғыну, жалған сөйлемеу.
ә) тәрбиелік мәні: ең бастысы, имандылық пен ізеттілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, әдепті де тәртіпті бала болуға мәдениеттіліктің қарапайым қағидаларын үнемі сақтап жүруге үйрету, табиғатты қорғау, оны аялау.
б) дамытушылық мәні: ал өмірде ананың алар орны ерекше екенін, қандай жағдай болсын, көмекке ата-анамыздың ең бірінші қол ұшын созатындығын, өмірдің гүлі де, көңілдің нұры да мейірімді Аналарымыз екенін саналарына сіңіру.
Сабақтың әдісі: Топтастыру, сұрақ-жауап.
 Сабақтың түрі: Аралас сабақ .
Сабақтың көрнекіліктері: Қабырға газеттері, «Даналардан қалған асыл сөз» бен «Мақал-мәтелдер жинағы» кітаптар, музыкалық аспап, газет-журналдар, қима қағаздар, т.б. Сабақтың барысы: Кітап көрмесі: М.Мақатаевтың кітаптары. Безендірілуі: кеш өтетін залда Мұқағалидің портреті, астында «Аққудың қанатымен жазылған жыр» атты тақырып тұрады, шар, плакаттар ілінеді.
Ұйымдастыру кезеңі.
Жалғас: Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар және оқушылар!
Даулет: Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Аққулар ұйықтағанда». М.Мақатаев ағамыздың 75 жылдығына байланысты өтілетін ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
Жалғас: Аққу-М.Мақатаев жырларында пәктік пен татулықтың, адалдық пен тәкаппарлықтың, қайғы мен қуаныштың, шаттық пен шапағаттың және де сұлулық пен махаббаттың символы.
Даулет: Айдын көлдің еркесі Аққу құс М.Мақатаевтың көптеген өлеңдерінен орын алады.
Жалғас:
 Шыда, шыда!
Шыдай түс, шыда тағы!
Шыдамдыны бұл өмір ұнатады.
Үміттің құлан иек құла таңы,
Әйтеуір бір атады, бір атады...
Даулет:
Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір, өмір! Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жаратпаған сүрінуге,
Қайта тұрып хақың бар жүгіруге.
Жалғас:
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын,
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып, табынбағын.
Даулет:
Шыда, шыда! Шыдай түс, тағы шыда!
Тау құлатқан тасқынның ағысына,
 Кір жуытпай кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады, алысуға...
Аида: М.Мақатаев 1931 жылы 9-ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келді. 1954-1961 жылдары қазақ радиосында диктор, ауылдық мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. 1962-1963 жылдары «Социолистік Қазақстан» газетінде жұмыс істеді. М.Мақатаевтың тұңғыш өлеңі 1948 жылы «Советтік шекара» атты журналында басылып шықты.
Жанболат: Мұқағали Мақатаев есімі жұртшылыққа «Аппассионата» атты поэмасы арқылы кеңінен мәлім болды. Сонымен қатар адамзаттың ұлы көсемдері В.И.Ленинге, К.Маркске арнаған өлеңдері де жұрттың назарына ілікті. «Дариға жүрек» (1972) , «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығаш, келдің бе?» (1968), «Аққулар ұйықтағанда»
 (1974) атты өлеңдер жинақтарында дәуір ұлылығын, замана шындығын жырлады.
Аида:
«Сенің жырың таралған Гималайдың,
Төбесінен тараған найзағайдан » Т.Молдағалиев
Жанболат: «Қазақ жырының аспанындағы аз ғана жұлдыздар арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың – ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз» Тұманбай Молдағалиев
Негізгі ашық сабақ барысы:
Жанболат: Алдарыңызда М.Мақатаевтың әні
«Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған» (Орындайтын: Айдана және Жанар)
Аида: «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» деп жырлаған ақынның поэзиясына кезек берейік. Өлең «Поэзия»,    оқитын: Біржан
Өлеңдер «Ат суара...»        Айжанар
                 «Сен менің»         Назгүл
                 «Мейірім бер, қымбаттым»     Айдана
Жанболат: Алдарыңызда Ақ сұлудың киелі қанатымен жазылған өлең-
«Аққулар, қош болыңдар» (К.Нұрсұлтан, Күймен қосыла оқылатын өлең.)
Өлеңдер        «Пай-пай өмір» Салтанат
                        «Махаббат бекеті» Қ.Нұрсұлтан
Аида: «М.Мақатаев—адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы.» деген Әбіш Кекілбаев ақиық ақын жайында. Осы келісімді «Жас қайың» әнінен көруге болады.
Ән: «Жас қайың» Әсел
Өлеңдер «Муза» Жанар
                 «Мен бүгін көп қиналдым» Жадыра
                 «Өмір» Тоғжан
Жанболат:
Аққулар... Аңыз көп қой олар жайлы,
Көзіңмен көрінгендей бола алмайды...
Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,
Шошыса екінші рет оралмайды...
Алдарыңызда: «Аққулар ұйықтағанда», Көрініс.
Көрініс: «Аққулар ұйықтағанда» Оқушы поэманың 1-бөлімін күймен қосылып оқиды. Аққулар ортада билейді. 2-бөлім: Кейіпкерлер: Ана, бала, әке, молда, жылқышы ата және көршілер. АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА (10 минут) (Хафиз күйі орындалады) (Аққулар билейді)
Автор:
Өзен де жоқ сыймаған арнасына,
Жылға да жоқ даламен жалғасуға.
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,
Калай біткен мына көл тау басына?!
Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға,
Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірә.
Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?
 Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?
Қанша шырша өсті екен, құлады екен,
«Жетім көлге» қараудан шаршамаған?
«Жетім көлден» су ішкен қанша марал,
Қанша киік қалды екен сай-салада?
Қанатынан үзіліп ән самала,
Қаншама аққу кетті екен - аңсаған ән?
Ортаймаған «Жетім көл» толмаған да,
Болған өмір ұқсайды болмағанға.
Сызат та жоқ бетінде, сызық та жоқ, А
йдынына аққуы қонбаған ба?!
 Қызғыштары қиқулап, қорғағанда,
Сорлағанға ұқсайды, сорлағанға,
Шүрегейлер айдынын қорлағанда,
Көкқұтандар қанатын қомдағанда...
Беу, дүние-ай, аққулар оралғанда,
Айдын көлдің иесі жол алғанда.
Жетісіп бір «Жетім көл» қалушы еді-ау,
Тынушы еді-ау, теңселген қара орман да.
Таянғанда аққулар қонар маңға,
Басушы еді-ау, байызын бар арман да!
Қанатынан аққудың балапандап,
Ән ұшатын сымпылдап таң атарда.
Сүйінші бер дегендей бір толықсып,
Сыбырлайтын «Жетім көл» Алатауға.
Тына қалып бұлбұл да жаға-талда,
 Қарайтұғын айдынға, ақ отауға.
Таң мен күннің арасы таянғанда,
Таудың басы алаумен боялғанда,
Тірілетін таудағы бар тіршілік.
Қанатынан аққудың оянған ба?!
 Көмейінде тәтті үні былай қалып,
Жаға-талда жас бұлбұл тұр ойланып.
Жетті аққулар. Түгендеп «Жетім көлін»,
Жағалауда ұшып жүр шыр айналып,
 (Бірден көлге қонбайды құлай барып.)
Сондайтұғын, аққулар сондайтұғын,
 Асығыстық оларда болмайтұғын.
Қомағай көкқұтандар секілденіп,
Жалп беріп, жағаға кеп қонбайтұғын.
Сондайтұғын, аққулар сондайтұғын,
Ақ мүсін айдынға кеп орнайтұғын.
Әлдилеп ақ төсінде, бермей тыным,
Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.
Бұл көлге мылтық алған саятшы емес,
Тірі жан аяқ басып келмейтұғын.
Аққулар аман-есен қайтқанынша,
Суына «Жетім көлдің» шөлдейтұғын.
(Суымен сырқаттарын емдейтұғын.)
Ұрпақтан ұрпақ алып жалықпастан,
Сондай бір дәстүр бар-ды қалыптасқан.
Заманнан заман өткен, жаңарған жұрт,
Аққуын айдын көлдің налытпастан
Дәстүрін аттамаған, анық басқан.
Сондай бір дәстүр бар-ды жарық шашқан,
Бір ұрпақ бір ұрпаққа алып қашқан.
 Қайсыбір қиын-қыстау ай, күндерде,
Шойырылтып, түссе-дағы қайғым белге,
Алаңсыз аққуымды атпасын деп,
Жатқа да дастарханды жайдым төрге, А
ққулар ұйықтағанда айдын көлде... ...
Оралмады аққулар осы маңға,
Жылдар өтті, байғұстар шошынған ба?
«Жетім көл» жетімсіреп қала берді.
Арман-ай, аққуымен қосылар ма?!
II Молда үйге кіріп келеді. Анасы баласымен әлек болып отырады.
Әке: —Ассағалаумағалейкум, молдеке. Төрлетіңіз. (Ана тұрып сәлем береді)
Молда: —Уағалейкумассалам, балам. Көп жаса келін. Баланың халі қалай, сендер айтқандай тіптен нашар ма?
Ана: —Баланы қарап жіберіңізші, ата... Молда баланы ары-бері қарап болған соң: —Байқаймын бала айықпас дертке шалдықса керек. (кішкене үзілістен соң) Бірақ оның да бір жолы бар. Баланы аққумен аластаңдар, сонда ғана бала жазылады. Бұл жалғыз-ақ жол. (Хафиз күйі орындалады)
Автор:
Бала жатыр төсекте, албыраған,
Әке жатыр еденде, қалжыраған.
Түн күзетіп ана отыр, қос жанары
Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.
Түнің мынау — тамыздың маужыраған,
Тауың анау — шымылдық салбыраған.
 Биік барып жаралған жер бетінен,
Сол байырғы «Жетім көл» келбетімен.
 Айдынында аққулар ұйықтап жатыр,
 Сайдан соққан самалмен тербетілген.
Жер бетінде тыныштық көл бетінде,
Қауышыпты қара орман, көл де, түн де.
Бала жатыр төсекте күйіп-жанып,
Баласының ана отыр күйін бағып.
Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар,
Миын қарып барады, миын қарып.
«Сарқытындай өлімнің қалған қарға,
Екеу болса, дүние-ай, арман бар ма!..»
Арагідік назарын аударады,
Төрт бүктеліп еденде қалған жарға.
Қауіптеніп түндерге, таңдарға да,
Үн шығармай іш кұса, зарлауда ана.
«Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті...
— Аққуменен баланы аластаңдар,
Деді-дағы жәйімен жөнеп кетті...»
Анасы:
 — Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,
 Неткен жансың санасыз жаратылған?!
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,
Ұмытылып кетті ме санатыңнан? ...
Айналайын аққудың қанатынан,
Қайтеміз, ол да адамға бола туған.
«Жетім көлге» барып қайт таң жамылып,
 Таң атқанша қалайда тауға ілік.
Біреулердің көзіне түсіп қалып,
Дүрліктірме жұртыңды, салма бүлік!
Кім білсін, мүмкін, бәрі жалған үміт...
Әкесі:
— Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!
Атармын аққу кұсты калай ғана?!
 Айдынның акқулары ұйықтағанда,
Өрген мал, ескен шырша абайлаған,
Барлығы қасиетке қарайлаған,
Оқ атам қасиетке қалай ғана?..
Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!
Адуынды жан екен алған жары:
Анасы:
- Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі
! Балам өлсе, бақыттың керегі не?!
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Перзент сұрап несіне армандадың?!
Құрысын онсыз сенің жанған бағың!
 Мылтықты әкел! Атты ертте! Жалған бәрі! (Хафиз күйі орындалады)
Автор:
...Оятып дүниені дел-сал қылып,
 Тамыздың таңы да атты тамсандырып,
Сай-сайдан бошалаған бозала таң,
Таудағы тіршілікке ән салдырып,
Еміндіріп, еріксіз қарсы алдырып,
Бұлбұлға дүниеге жар салдырып,
Тамыздың таңы да атты тамсандырып.
Қасқа таң. Бұлбұл үні. Көл бетінде,
Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.
Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,
Таңданып тәкаппар құс келбетіне.
Тығып ап тұмсықтарын мамығына,
Айдын — төсек, аспанды жамылуда.
 Арша, шырша, жартастар жағадағы,
Сұғынып, бәрі көлге табынуда.
Аласұрып, қан ойнап тамырында,
Ана-жүрек тыпыршып, қабынуда,
Не қыларын біле алмай, жабығуда.
Асқар белден күн нұры шашырады,
Шашырап, ол да көлге бас ұрады.
Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ,
Аппақ нұр — аппақ нұрға қосылады.
 Көл — көкке, көк — көлге кеп асылады,
Ұйқысы аққулардың ашылады.
Сұлулыққа сұқтанып, қашып әлі.
Ана-жүрек солқ етіп, басылады.
Қызғанып, кызғыш байғұс шыр айналды,
Абыржып ана-көңіл мың ойланды.
 Ғазиздың көзінде емес, көңілінде,
Айдын көл астан-кестен лайланды.
 Дәстүр, ырым, жәйімен құдай қалды,
Жалғыз ұлдан басқасы былай қалды.
Айдынның аққуының орынынан
Көргендей, көзі тұнып, құмайларды. ...
Аққулар... Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.
 Айдынның еркелері, білмей тұрмын,
Етермін тағдырыңды кімге аманат?!
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Бір мамығы майысса ауырсынып,
Тарақ етіп тұмсығын, тарайды кеп,
Тарайды кеп, тарайды қауырсынын,
Құм тұрса да бір түйір ауырсынып,
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!
Ақ қанатын сабалап, асыр салып,
Бірде суға сүңгиді басын малып. ...
Ойнасыншы, ойнасын ерке құстар,
Тыныштығын олардың қашырмалық-
Мерген отыр жағада. Ей, ақша бұлт,
Жаулығыңмен оларды жасыр барып.
Бас бағады шыршаның қалқасынан,
Қаруынан қолында қан сасыған. ...
Ал, аққулар, Аққулар тарануда,
Сусып түсіп, су моншақ арқасынан.
Қарайды ана шыршаның қалқасынан.
«Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,
 Құлынымның қасынан неге кеткем?!
Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой,
Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең?!»
Ана отыр, Озбыр ойлар қамалауда,
Қамалауда, әлдекім табалауда. ...
Аққулар ақ айдынды қалдырды да,
Тартты кеп, ана отырған жағалауға.
Шошымай шолжан өскен батырларың,
Ана отырған шыршаға жақындады.
Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға,
Білмей қалды мылтықтың атылғанын.
Көздің алды көк түтін, ақыл жарым,
Білмей отыр жанағы тыныштықтың,
 Сүт ұйыған тегешін сапырғанын!..
Ию-кию көл маңы, астан-кестең,
Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен.
Жаңғырығын жар салып, жартастар тұр,
«Жетім көлдің» қайғысын бастан кешкен,
Көріп-біліп, таныпты тастар да естен.
Алып аспан астына сыя алмай бір,
Айдын көлін аққулар қия алмай жүр.
Мөлдіреген «Жетім көл» көкке карап,
Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр,
Айдын көлін аққулар қия алмай жүр.
Сан айналып, сұңқылдап ұшты-дағы,
Сапар жолға мезгілсіз түсті-дағы,
Бетін түзеп, батысқа бағыт алып,
Қарғыс атқан мекеннен ұшты бәрі.
Тау жаңғыртып, тамаша құстың әні,
Қош айтысып қолменен, ұшты бәрі.
Көл бетінде көлбеңдеп, жаралы аққу,
Ұша алмайды, ұшпақ боп күш қылады...
Сыңар қанат сынық құс байлауда тұр,
Тағы бірі айдында жайрап жатыр.
 Қан аралас қалқыған мамығымен,
«Жетім көлдің» толқыны ойнап жатыр.
 ...Қасиетке оқ атып, жойған пақыр,
Қалай алып кетерін біле алмастан,
Сүле-сопа, жағада ойлауда құр.
«Жетім көлден» сән кетті мана тұнған,
Аққу кетті, ән кетті қанатында.
Асқар-асқар таулардан асып әрі,
Шың-құздардың үн қалды қабатында.
Аққу әні естілмей қалатын ба?
Алатаудан үзілтіп Қаратауға,
Жаңғырығын жартастар таратуда...
 III «Жетім көлдің» басында жылқы жатқан,
Дөңге шығып, қарт тұрған жылқы баққан:
«...Апыр-ай, бұл кім болды, таң сәріде,
Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?!
Кұстардың зәре-құтын шырқыратқан,
Неғылған қаныпезер құлкы қатқан?!
 Мылтықты атарлықтай көлге келіп,
Апыр-ай, жоқ еді ғой елде желік...»
Мылтық даусы, құстардың шулағаны —
Шыдамын алды қарттың, бермеді ерік.
«Бұл маңның адамы емес, сірә-дағы,
Білейін, табайын да бір амалын.
Қаруы бар кәззапқа құрықпенен
Ұмтылса, қалай қайрат қыла аламын?!
 Жөн болар алыс тұрып сұрағаным...»
 ...Аққу үркіп, батыска бет түзеген,
Қамшы басты атына, шыдамады.
Алыс тұрып, ақырды қыр басынан:
«Берекесін бұл жердің кім қашырған?..»
Өңім бе, түсім бе деп таңданады,
Көз алмай орамалды ұрғашыдан,
 Көз алмай сүле-сопа тұлғасынан:
-Ей! Кімсің? Тірісің бе? Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың, арың бар ма?!
Тастағын қаруыңды, келгін бері,
Келгін бері, кеудеңде жаның барда!
...Байғұс әйел үн-түнсіз жылап тұрды,
Қарттың үні мең-зең ғып құлаққа ұрды.
Қолындағы мылтығын құлаштап кеп,
Бөгелмей, «Жетім көлге» лақтырды.
 Қартқа қарай ақырын аяндады,
Қарусызға қарт келді, аянбады.
...Көзінен жас, көңілінен зар төгіліп,
Болған жәйтті келіні баяндады.
— Әй, балам!.. Болмады ғой, болмады ғой...
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!..
Мін атқа, қайт ауылға тағат қыл да,
 ...Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?!
Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым кұрыса саусағыңды қанаттың ба?
— Әлек боп, арпалысып сор-қайғымен,
Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен...
Жасымнан естігенім бар-тын еді,
Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп...
— Солай, солай... Аманат бір құдайға...
Қай-қайдағы түседі құрғыр ойға...
...Ат басын шұғыл бұрып, тайып тұрды,
Қарт тастап — нелер сұмдық сырды бойға.
Бәрі ұмыт: бақытың да, байлығың да,
Күлкі шаттық, күйзелткен қайғы, мұң да.
«Жетім көл» жетімсіреп қалып қойды,
Бір өлі, бір тірі аққу айдынында...
Бар өмірден көңілі шайлығуда,
Байғұс ана еркінен айырылуда.
Әлденеден сұм жүрек сескенеді,
Арагідік әлдене ес береді.
Табиғаттың, таудың да, аққудың да,
Байғұсқа болмай қалды еш керегі.
Келеді ана, сезбейді ештеңені.
Бай ұмыт, әлсіз жатқан бала да ұмыт,
Қайтқан құстай алыстап барады үміт.
 Көліменен қоштасқан аққу үні,
Құлағына келеді арагідік.
 - Өмір емес өмірі, қораштанған,
Байғұс ана тірліктен қалас қалған.
Келеді ана, қарабет қарақшыдай,
Ел мен жерден біржола аласталған.
Аппақ нұрды көре алмай ақ аспаннан,
Түн-түнекте бейне бір адасқан жан.
...Абыр-сабыр, үй маңы дүрбелен-ді,
Алғаш ана абыржып, білмеген-ді.
Ат үстінен түсе алмай қатып қалды
Мелшиіп, білмей тіл мен үн дегенді
Білмейді, қайда келді, кімге келді.
Өң бе, түс пе, әйтеуір таласуда,
Өлі менен тірінің арасында.
Отырғандай «Жетім көл» жағасында,
Аққу жатыр көзінің шарасында.
Аунап түсіп атынан, үйіне енді,
Есіне алып ерін де, баласын да.
Өліп жатқан ұлына қарасын да,
Қалсын ана «Жетім көл» жағасында,
Өлі менен тірінің арасында.
...Аппақ нұрмен шомылтып айналаны,
Ақ сәулемен айдынның ойнағаны,
 Көз алдында... Құлақтан кетер емес,
Таңда бұлбұл тамылжып сайрағаны,
Көз алдында — аққудын жайрағаны.
 Сыңар қанат, сынық кұс — жаралы аққу
Өлі аққудан кете алмай айналады.
Ақ төсек - аппақ айдын, аққу - бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?..
 «...Мына жатқан «Жетім көл», мына аққуды,
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...
Жоқ! Мен емес... Мен атпадым...
Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным?!»
Ғазиз ана, ербеңдеп екі қолы,
Жиылған жұртқа қарап алақтады.
Күледі, бірде жылап, зарланады,
Көкке қарап, бекерге қарманады.
Бірде үнсіз, мелшиіп тың тыңдайды,
Құлағында аққудың арман-әні.
Алдымен жұрт үн-түнсіз таңданады,
Қыбыр-сыбыр артынан жалғанады...
Бірде ана көкке жайып алақанын:
«Қазір, ботам... Мінеки, таң атады...
Казір, ботам, аққумен ұшықтаймын...
Жазыласың құлыным... балапаным!
Қасиет!.. 0, касірет! Осындай ма ең?!
Сорымның калыңдығы шашымдай ма ең!..
Касиет!.. Қасиеттер ұшып кетті, Қасірет!..
Қасымдағы досымдай ма ең!.. Қасиет...
 Қасірет... Қасірет... қасиет...» (Хафиз күйі орындалады)
 Автор: Эпилог ...Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым, Жерді аңсаймын... Жалғыз-ақ сол — арманым. Қиын екен, қимасын екі бірдей, Көз алдында ғайып боп жоғалғаны... Көрдің бе бір-біріне дөп келуін, Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін? Балам-ай, мынау өмір-дарияның, Білмейсің қайда екенін өткелінің. Аққулар... Аңыз көп қой олар жайлы, Көзіңмен көргеніндей бола алмайды... Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар, Шошыса, екінші рет оралмайды. Орнында екен «Жетім көл», жоғалмапты, Ортаймапты немесе тола алмапты. Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз, Қасиетті аққулар оралмапты.
Ән: «Жалғыз аққу» Ербол Қорытынды сөз:
Даулет: Ақынның жарқын поэзиясы бүгінгі ұрпаққа қымбат қазына, таусылмас рухани нәр. М.Мақатаев-қазақтың рухани өмірінің алтын қазықтарының бірі, халық жүрегімен бірге жасайтын өлмес ғұмыр.
Жалғас: Жас ұрпақ халқын қалтқысысүйген жыр жұлдызын 21 ғасырда құрметпен қарсы а
Категория: Сыныптан тыс жұмыстар | Қосу: benera
Енгізілгені: 12643 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.0/22
Барлық коментарилар: 0
Имя *:
Email:
Код *:
Іздеу
Сайттағы достар
  • Сайт құру
  • Барлығы веб-шебер үшін
  • Барлығы үшін бағдарламалар
  • Әлемдегі қызықтар
  • Рунетадағы ең үздік сайттар
  • Тағам рецептері

  • Copyright MyCorp © 2024
    Сделать бесплатный сайт с uCoz