Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Таткеев Тулеубек Әбдіманапұлы
Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы А.Назарбеков ауылындағы Ә.Молдағұлова атындағы қазақ-орыс мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1993-1995 жылдары осы мектептің педагог-психологы. 1995-2002 жылдары осы мектептің директоры. 2002-2007 оқу жылдары Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы қазақ-орыс мектебінде директордың әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, мектеп директоры.
2008 жылдың 12 қарашасынан Хантау кентіндегі С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің мектеп директоры. Мойынқұм ауданы әкімінің, Жамбыл облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің, Білім және ғылым министрінің Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Садыкова Роза Орынтайқызы
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Бекқұлова Бегінай Сансызбайқызы
1990 жылы Жамбыл педагогикалық институтын бітіріп, осы жылы Жамбыл облысы Шу қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебіне сызу, сурет және еңбек пәнінің мұғалімі болып қабылданды. Қазіргі таңда осы аталған мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.22 жыл еңбек өтілінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді. 2000-2001 оқу жылында оқушылары Төлебаев Мади мен Тұраров Данияр Қытай елінде өткен "Балалар әлемі көзімен" атты Халықаралық сурет байқауында сертификатқа ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.2009 жылы Облыстық "Үздік тәрбие жүйесі" атты байқаудың ІІІ дәрежелі дипломанты, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің "Алғыс хатымен" марапатталды. 2011-2012 оқу жылында "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері"
|